2018 жылдың 10 желтоқсанында патриот, қоғам қайраткері, педагог Бақытқали Мадыбайұлы Құрманғалиевті еске алуға арналған "Аймақтық тарих- жеке тұлғаның, рухани адамгершілік дамуының және азаматтықты қалыптастыру негізі" атты ғылыми – практикалық конференция – тарихи оқулар өтті.

Іс-шараны Семей қаласының колледж оқушылары үшін Т және КБ ардагерлері аймақтық кеңесі, ШҚО ТжКБ директорлар кеңесі, "Электротехника колледжі" КМҚК ұйымдастырды.

Пленарлық отырыста "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" КММ ҒАА және құжаттарын пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ. Қадырованың "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы қорындағы Алаш қайраткерлерінің құжаттары" тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар "Прииртышье" өлкетану қоғамының мүшелері мен Невзоровтар отбасы атындағы мұражайдың ғылыми қызметкері баяндама жасады.

Конференция секциялар мәжілістерімен жалғасты, онда колледж оқушыларының "Туған өлке: тарих беттерінен" тақырыбына арналған баяндамалары тыңдалды.

Іс-шара қорытындыланып, дипломдар мен мақтау қағаздары тапсырылды және концерттік бағдарламамен аяқталды.