2019 жылы 4 қаңтар күні Семей қаласының № 37 гимназиясының қабырғасында «ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың жеті қыры – ұлттың ұлы мұраты» атты семинар болып өтті.

Аталмыш шараға қаланың тарих пәні мұғалімдері қатысты. Семинардың басты мақсаты – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын терең түсініп, дұрыс тарихи сананың қалыптасуын дәріптеу.

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Қадырова Л.Қ., ҚЗТҚО КММ  қойылған мақсаттарды іске асыру бойынша қызметі туралы айтты. Оның бір бағыты архив құжаттарын жариялау болып табылады. Лаура Қабдылғазықызы семинарға қатысушыларды ҚЗТҚО жарық көрген басылымдарымен таныстырып, тарихи деректерді әрі қарай анықтау және оларды ағартушылық, білім беру және тәрбие мақсаттарында пайдалану жоспарлары туралы әңгімеледі.

Соңында қатысушыларды архивтің түрлі жобаларында ынтымақтастыққа шақырды және қызықтырған сұрақтарға жауап берді.