«Архивтік анықтаманы беру» мемлекеттік қызметі бойынша оқыту семинары

2019 жылдың 05 ақпанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Семей қаласы №2 бөлімінде оқу семинары өткізілді.

Аталмыш семинарда әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындау бөлімінің мамандары М.Ж. Аубакирова,  З.О. Есергеповалармен келесі сұрақтар қаралды:

1. ҚЗТҚО" КММ сақталатын жеке құрам бойынша құжаттар мазмұнының ерекшелігі.

2. 2017 жылғы 7 наурыздағы №57 "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес сұраныстарды қабылдауды талқылау, сондай-ақ "Egov" ЭҮП мәселелері қаралып, ХҚКО мен "ҚЗТҚО" КММ арасында тиімді жұмыс істеу үшін ұсыныстар енгізілді.

Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бойынша

бөлім қызметкерлері М.Ж. Аубакирова, З.О. Есергеповалармен  азаматтардың өтініштерін нақты орындау үшін, толық құжаттар пакетін ала отырып қарау ұсынылды. Сонымен қатар "ҚЗТҚО" КММ мамандары инспекторлардың қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы жұмысына қатысты қосымша сұрақтарына жауап берді.