"Ұлы даланың жеті қыры-тарихи ескерткіштер"

2019 жылдың 15 ақпанында Семей қаласының № 37 гимназиясы тарих мұғалімдерінің бастамасымен "Ұлы даланың жеті қыры-тарихи ескерткіштер" атты кеш өткізілді. Іс-шараға Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқытушылары т.ғ.к., доцент А.И. Исин, өлкетанушы, тарихшы М. Мухамадиев, "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ. Қадырова және өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері қатысты.

Кештің басты мақсаты - Н.Ә. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын терең ұғыну, тарихи сананы жаңғырту, мәдени мұраны сақтау болып табылады.

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ. Қадырова "Семей қаласында салынған мүсін ескерткіштер" тақырыбында баяндама жасады.

Ол Абай, М. Әуезов, Ә. Бөкейханов, Қ. Мұхамедханов, Ә. Қашаубаев сынды тұлғалардың мүсіндік ескерткіштері туралы әңгімеледі. Лаура Қабдылғазықызы архив қорында сақталған құжаттарды көрсетіп, қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарына жауап берді. Тарихшы-ғалымдар археологиялық ескерткіштердің рөлін және олардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызын атап өтті.