«Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылуының 30 жылдығына орай өткізілген дәріс

2019 жылы 28 ақпанда  «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығынның» оқу залында «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылуының 30 жылдығына орай «Радиотехника және байланыс колледжінің» 2 курс студенттерніне ҚЗТҚО ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі Л.Қадырова дәріс өткізді.

Дәрісте "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысының пайда болу тарихымен таныстырылды, "ҚЗТҚО" КММ қорларында сақталған құжаттар негізінде басылымға шыққан "Противостояние", «Ядролық отқа қарсы» атты құжаттар жинағы көрсетілді. Сонымен қатар студенттер назарына "Невада-Семей" қозғалысына - 30 жыл" атты көрме ұсынылды.

Іс-шара архив бойынша таныстыру экскурсиясымен аяқталды.