Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізілді

2019 жылы 4 наурызда "ҚЗТҚО" КММ ұжымында ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын түсіндіру және ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мәселелеріне арналған жиналыс өтті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің қызметкері Г.Ж. Исимбеков өз баяндамасында қатысушыларды Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарымен таныстырып, "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Заңдарының ережелерін түсіндірді, ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мәселелері туралы еске салды.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы әлеуметтік роликтер көрсетілді.
Сондай-ақ жиналғандар бірыңғай тегін Call-орталығының қызметі туралы хабардар болды, оның нөміріне қоңырау шалып, кез келген азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала алады немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлай алады. Call-орталығының нөмірі-1424.