2018 жылы 30 наурызда ШҚО «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ ұжымы Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі тойланды

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі Л.Қ. Қадырова және архивші А.Н. Мұсаханов мерекелік кештің жүргізушілері болды. Ұжымды ШҚО «ҚЗТҚО» КММ  директорының міндетін атқарушы  М.И. Перебеева жиналған қызметкерлерді мерекемен құттықтап, өз тілегін білдірді.  

"ҚЗТҚО" КММ қызметкерлері ұлттық костюмдер киді. Қатысушыларды қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстырып, ұлттық әдет-ғұрыптар мен ойындар көрсетілді, Наурыз мерекесіне арналған викторина өткізілді, қазақ әндері шырқалды.

Наурыз көже, талқан, құрт, ірімшік сияқты ұлттық тағамдармен ақ дастархан жайылды.

Бұл күні айналамыз қуаныш пен  жылулыққа толы күйде болды.