«Оқушылар үшін "зерттеу мектебін" ұйымдастыру»

2019 жылы 27 наурызда Семей қаласының  №16 орта мектеп қабырғасында "физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" филиалының тәжірибесін тарату аясында жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған «Оқушылар үшін "зерттеу мектебін" ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізіліп, оған «ҚЗТҚО» КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова қатысты. Семинардың мақсаты: оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту кезінде педагогтардың кәсіби әлеуетін арттыру.

Л. К. Қадырова "ҚЗТҚО" КММ зерттеу қызметі жайлы, архивте сақталған қорлардың құрамы мен мазмұны туралы айтып, оқу залында жұмыс істеу үшін құжаттарды қалай ресімдеуге кеңес беріп, семинарға қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

Шара соңында Лаура Қабдылғазықызы қатысушыларды архив қабырғасында өтетін түрлі жобаларға қатысуға  өзара ынтымақтастыққа шақырды.