2019 жылы 2 сәуірде "ҚЗТҚО" КММ оқу залында "Семей қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" бастамасымен өткізілген семинардың екінші кезеңі өтті, оның мақсаты оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал ету арқылы жалпы білім беретін мектеп педагогтарының кәсіби әлеуетін арттыру.

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. Қадырова ҚЗТҚО жұмысының ерекшелігі, құжаттардың құрамы мен мазмұны, архивтің зерттеу және баспа қызметі туралы айтып, орталықтың деректік базасындағы "Рухания жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы ғылыми әзірлемелердің әлеуетті бағыттарымен таныстырды.