03.04.2019 жылы "ҚЗТҚО" КММ қабырғасында "Бизнес және сервис колледжінің" оқушылары болып қайтты

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің жетекшісі Л.Қ. Қадырова архив бойынша шолу экскурсиясын өткізді, ҚЗТҚО қорында сақталған құжаттармен, газеттер қорымен таныстырды, ҚЗТҚО қорының бірінде табылған Шәкәрім Құдайбердиевтің бірегей суретін көрсетті, оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Шара соңында студенттер назарына "Невада-Семей" қозғалысына 30 жыл» толуына орай жасалған көрме ұсынылды.