2019 жылы 15 ақпанда кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағынан шығарылғанына 30 жыл толады

Осы күнге байланысты 2019 жылғы 3 сәуірде "ҚЗТҚО" КММ архив қызметкерлері Семей қалалық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Боранбай Оразбайұлы Бегатовпен және бірлестік төрағасының орынбасары Совет Мұратұлы Айтбаевпен кездесу ұйымдастырды. Кіріспе сөзінде директордың міндетін атқарушы М.И. Перебеева қонақтарды қарсы алып, қатысушыларға кеңес әскерлерінің Ауғанстанда болуының негізгі кезеңдері туралы еске салып өтті. Б.О. Бегатов Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестігінің қызметін, Ауғанстанда қаза болған жерлестерді мәңгі есте қалдыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әңгімелеп берді. С.М. Айтбаев өзінің әскери жолы туралы естеліктерімен бөлісті, қатысушыларды өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі бірлестіктің жұмысымен таныстырды. Қонақтарға сол жылдардағы видеохроника кадрлары, ҚЗТҚО коллекциясында сақталған жауынгер-интернационалистердің құжаттары көрсетілді.

Ардагерлерге Ауғанстанда қызмет еткен жерлестерінің естеліктерімен, құжаттарымен, фотосуреттерімен қорды толықтыру ұсынылды. Б.О. Бегатов бастаманы қолдап, коллекцияны толықтыру үшін өз құжаттарының бір бөлігін тапсырды. Кеш соңында қонақтарға орталық шығарған естелік басылымдар сыйға тартылып, алғыс айтылды.