Сенбілік

2019 жылы 6 сәуірде "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" ұжымы дәстүрлі қалалық сенбілікке қатысты. Қызметкерлер гүлзарлар мен көгалдарды ретке келтіріп, оларды өткен жылғы жапырақтардың қалдықтарынан және қоқыстардан тазартты. Айналамыздың тазалығы - өз еңбегіміздің  нәтижесі.  Сол күнгі ауа райының бұлыңғырлығына  қарамастан, жиналған ұжым қызметкерлерінің көңіл-күйі жақсы болды.