2019 жылғы 13 сәуірде № 27 жалпы білім беретін орта мектепте "Ұлы даланың жеті қыры – ұрпаққа ұлағат" бағдарламасы аясында оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы өтті, оған ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің жетекшісі Лаура Қабдылғазықызы Қадырова қатысты.

Ол жиналған қауымға «ҚЗТҚО» қорында сақталатын құжаттар туралы мағұлымат беріп, осы архив қорындағы құжаттар негізінде жарық көрген басылымдармен таныстырды. Мектеп әкімшілігі Лаура Қабдылғазықызы Қадыроваға архив құжаттарын көпшілік қауымға  таныстырып, ғылыми айналымға енгізуге үлес қосқаны үшін алғыс хат табыс етті.