16 сәуір күні «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ  Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай облысымыздың тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мақсатында Қазақстан Инновациялық университетінде «Шығыс Қазақстан облысының тарихи мәдени мұрасының сақталуы және насихатталуы» атты ашық дәріс өткізді.  

Шараға ҚЗТҚО мамандары, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, Семей қаласының ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты.

Архившілер, қатысушылардың назарына "Алаш Орда үкіметінің құжаттары" атты баяндамасын және ҚЗТҚО-да сақталған Алаш партиясының көрнекті өкілдерінің өмірі мен қызметі туралы баяндайтын бірегей құжаттармен таныстырды.