2019 жылғы 19 сәуірде "ҚЗТҚО" КММ ғимаратында "Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына "ШҚО Семей қаласының прокуратурасы" ММ қызметкерлері - Тимур Думанұлы Төлеубаев, қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры, "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының Семей қаласының №1, №2 Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің мамандары - Әлмираш Жұмашқызы Смағұлова мен Халида Тахирқызы Орманчина қатысты.

"ҚЗТҚО" КММ директоры Б.Т. Мусин өзінің кіріспе сөзінде "ҚЗТҚО" КММ жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтердің негізгі түріне - Архивтік анықтамалар беруге тоқталды.

"ШҚО Семей қаласының прокуратурасы" ММ өкілі Т.Д. Төлеубаев өз баяндамасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық базасын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мамандары қазақстандықтарға қызметтерді дербес алу ғана емес, оларға сандық сауаттылықты оқытуды ұсынды.
         "Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" атты дөңгелек үстелге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды енгізу бойынша ұйымдардың тәжірибесі туралы ақпаратты тыңдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, кәсіби қызмет көрсету ережелері мен стандарттарын қолдану, ұйымдарда ішкі тексерулер мен өзге де сыбайлас жемқорлыққа қарсы рәсімдерді жүзеге асыру қажеттілігі, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік мәселелерін талқылады.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы слайдтар көрсетілді.