2019 жылы 6 мамырда "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" КММ оқу залында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған іс-шара өтті. Мерекелік бағдарламаны ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ. Қадырова жүргізді. ҚЗТҚО директоры  Б.Т. Мусин барлық қатысушыларды алдағы мерекелермен құттықтады. Құттықтау сөз ҚЗТҚО қызметкері, отставкадағы аға прапорщик, Есенгелді Рахымбердиновке берілді, ол біздің Қарулы Күштеріміздің қалыптасуы туралы өз ойын баяндап берді. Қатысушыларға ұжымымыздың қыздары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша ҚЗТҚО ұжымы Ұлы Отан соғысының тақырыбын да назардан тыс қалдырмады. Сол жылдардың бейнеохроникалық кадрлары көрсетіліп, 1945 жылы 9 қыркүйекте Берлинде өткен "Ұмытылған парад" деректі фильмі ұсынылды. Қызметкерлер алдында біздің сарбаздарымыздың ерлік пен рухтың күші туралы әңгімелейтін тарих беттері баяндалды.

Мерекелік шара "Катюша" әнін орындаумен аяқталды.