2019 жылы 20-21 мамырда Семей қаласы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында "ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" ММ кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Оған ведомстволық бағынысты мәдениет ұйымдарының, мұражайлардың басшылары, Шығыс Қазақстан облысының аудандық архивтерінің директорлары, сондай-ақ ШҚО мемлекеттік архивінің директоры С.Н. Рахметов және "ҚЗТҚО" КММ директоры Б.Т. Мусин қатысты.
Күн тәртібі бойынша, "Ұлы дала палитрасы" халықаралық суретшілер пленэрін ұйымдастыру және "Облыстық архив қорының сандық көшірмелерін, облыстық кітапхананың сирек кездесетін кітаптарын, ШҚО музейлерінің тарихи және археологиялық артефактілерін жасау" жобасын жүзеге асыру мәселелері тыңдалды.
"ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" ММ басшысы А.М. Мұхамедчинов барлық қатысушыларды алдағы Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қызметкерлері Күнімен құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.
Келесі күні кеңеске қатысушылар Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әзілхан Нұршайықов және актер, әнші және сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың есімдері берілген көшелердің салтанатты ашылуына қатысты. Іс-шара жоспарына сәйкес, жоғарыда аталған қатысушылар ұйымдасқан түрде ағаш отырғызу үшін Бейбітшілік аралына барды.