2019 жылы 30 мамырда Семейдің облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» арналған дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелге тарихшы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері тарих ғылымдарының кандидаты, профессор М.Қ. Кәрімов, тарих ғылымдарының магистрі, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Е.Е. Рахметуллин, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің жетекшісі Л.Қ. Қадырова, қаламыздың оқуы орындарының студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан аумағында 1931 – 1933 жылдар аралығында болған аштық елдегі бай-кулактарды жою саясатының, күштеп ұжымдастырудың, қазақтардың мал-мүлкін тәркіленуінің салдары болып табылады. Осы орайда архив қорында сақталған саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты құжаттар бойынша «ҚЗТҚО» КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің жетекшісі Л.Қ. Қадырова өз сөзінде баяндады.