31 мамыр  саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

2019 жылдың 31 мамыр күні  Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында қызметкерлер мен Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті студенттері үшін  саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған тарихи-танымдық іс-шара  өткізілді.

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. Қ. Қадырова және архивші А. Н. Мусаханов 1920-1930 жылдардағы ашаршылық, саяси қуғын-сүргін құрбандары, депортация  туралы баяндап берді.

Іс-шараға қатысушыларға мемлекетіміздің осы кезеңі туралы баяндайтын бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар шара соңында саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым ете отырып, 1 минуттық үнсіздікпен еске алды.