Толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің архившісі Н.В. Яковлева…

Толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің архившісі Н.В. Яковлева "Semei" телеарнасында «История в документах» циклынан берілетін «Диалог» бағдарламасының түсіріліміне қатысты. Онда архив қызметіне байланысты мәселелер қозғалып, оның негізгі міндеті Ертіс өңірінің тарихын сақтап қалу үшін құжаттарды қабылдау, сақтауды қамтамасыз ету және пайдалану болып табылатынын баяндады. Әңгіме барысында құжаттар Орталығын жеке қорлармен толықтыру жөніндегі мәселелер айтылып, өлкетанушыларды, мектеп және колледждердің тарих пәні ұстаздарын, қарапайым оқырман қауымын қызықтыратын тақырыптық кітапшалар туралы, көрнекті жерлестеріміз жайлы, туған өлкеміздің тарихындағы маңызды оқиғалармен таныстыратын мерзімді басылымдар, басылымдық қызмет мәселелері талқыланды.

Н.В. Яковлева сондай-ақ, 2020 жылы аталып өтетін архивтің 100 жылдық мерейтойына ұжымның дайындығы туралы, сонымен қатар Елбасының  "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын және "Рухани Жаңғыру" мәдени жобасын орындау аясында өткізілетін жоспарлар мен міндеттер туралы бөлісті.

Бағдарлама 2019 жылы 8 шілде күні эфирге шығады.