" Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша оқыту семинары

2019 жылғы 17, 18 маусымда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ ШҚО бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Департаментінің № 1, 2 бөлімдерінде ХҚКО инспекторлары үшін "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша оқыту семинарлары өткізілді.

image-470-484.peg

Семинар барысында "ҚЗТҚО" КММ әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің қызметкерлері М.Ж. Әубәкірова және З.О. Есергепова сөз сөйледі. Семинарға қатысушылардың назарына келесі тақырыптар ұсынылды:

image-470-483.peg

1.      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №133 бұйрығымен бекітілген "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің жаңа Стандарты.

2.     "Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру";

3.     "Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою".

ХҚКО қызметкерлерімен "ҚЗТҚО" КММ сақталатын жеке құрам бойынша құжаттардың ерекшелігіне, жаңа стандарттың мазмұнының ерекшеліктеріне қатысты мәселелер талқыланды, бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізілді.

image-470-485.peg