Кеңес халқының фашистік-неміс басқыншыларын жеңудегі баға жетпес үлес қосқандардың ішінде медицина қызметкерлері де болды. Санитарлар, санитар-нұсқаушылар, медбикелер, дәрігерлер - олардың барлығы Ұлы Отан соғысы далаларында, жараланған жауынгердің төсегінің басында, операция үстелінде, майдан және тыл госпитальдарында өз борыштарын атқарды. Осындай ғажайып адамдар туралы, бір ғана емес, мыңдаған адам өмірін аман алып қалған жандар туралы, фронттық газеттерде жазылды, оған куә Семей қаласының Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының архив құжаттары.

Семей қаласында құрылған 8-ші атқыштар дивизиясының 77-ші жеке медициналық-санитарлық батальонының құрамында аға медбике Нелитта Андреевна Силина (Волкова) соғыс жолдарымен өтті.

Нелитта Андреевна Силина (Волкова) 1924 жылы Украинаның Запорожье облысы Большой Токмак селосында дүниеге келді.

Соғыс басталғанда, тоғызыншы сынып қыздары Қызыл Армияның бөлімшелерімен бірге қаладан кетуге шешім қабылдады. Келесі күні, таңертең мойнына дорба асынған Нелитта дос қыздарының терезесін қағады, бірақ ешкім де шықпады. Қыздарды ата-аналары жібермеді. Нелитта өзі жалғыз жолға шықты.

Барлық инстанцияларда одан бәрі бас тартты - себебі ол тек 17 жаста ғана болатын.  Ұзақ қиыншылықтардан кейін бөлімше штабтарының  бірінде,  ол генералға комсомол билетін беріп, ағасы флотта қызмет ететінін айтты. Сол күннен бастап-ақ, ол мотомеханикаландырылған бөлімнің ерікті мүшесі болды.

1941 жылдың желтоқсанында Ростов облысының Миус өзеніндегі ауыр қорғаныс шайқастарының қызған уақытында Нелитта ауыр жараланып, үсік шалады. Краснодар өлкесінің Кропоткино қаласындағы госпитальде емделуде болады. Кейін ол санитарлық басқармаға медбикелер курсына жіберіліп, оны бітіргеннен соң медициналық қызметтің старшинасы атағын алды.

1942 жылдың тамыз айында Нелитта 8-ші атқыштар дивизиясының 310-ші атқыштар полкінің санбөлімшесіне жіберілді.

Кастор қаласы үшін айқас алдында оған шабуылшы атқыштар ротасының командирі Николай Силин келіп, мекен-жайы бар парақты созды: "Қарындасым, егер қайтып оралмасам, анама хабарлаңыз. Сіз мұны істей аласыз ба?-дейді".

Келесі кездесу орманда партизан отрядында болды. Өзендегі шайқастан кейін жауынгерлер қоршаудан орман жолдарымен шықты. Содан кейін ол комбат Силинді көрді: беті желге тотыққан, каскасын оқ тесіп өткен.

Ол оны танып, жылы шырай танытты. Нелитта батылырақ қасына келіп, мекен-жайы бар хатты ұсынды:

- Кері алыңыз.

- Неліктен. Бір кездері Семей қаласына бізге қонаққа келерсіз.

Ол комбатты өзінің мардымсыз паегінен дәм татқызды, сонымен екеуі екі бөлек кетті.