"Бiрге - таза Казахстан"

20 шілдеде Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин "Бірге - таза Қазақстан" атты жаңа экологиялық акциясын бастады. Акцияның мақсаты-көрнекті орындар мен табиғи аумақтарды қоқыстан тазарту. 27 шілдеде акцияны семейліктер қолдады. Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының қызметкерлері Бейбітшілік аралындағы аумақты тазалауға қатысты. Жұмыс таңертеңнен қызу басталды. Қоқыс жиналып, қаптарға тиелді, кейін олар қатты тұрмыстық қалдықтар жиналатын полигонға шығарылды.