29 тамыз-Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні

2019 жылы 08 тамызда Достық үйінде "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысының 30 жылдығына арналған "Біз ядролық қарусыз әлем үшін"атты дөңгелек үстел өтті.

"Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" КММ осы іс-шараға қатысып, "29 тамыз – Ядролық қауіпсіздік күні" атты дөңгелек үстел тақырыбы бойынша тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырды.

image-477-497.jpg

image-477-498.jpg

Дөңгелек үстелді Достық үйінің директоры Н.В. Шарова және "Отбасы орталығы"  ҚҚ президенті, Достық үйі жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы  Ж.Ж. Жибраева өз кіріспе сөздерімен ашты.

image-477-499.jpg

Күн тәртібі бойынша сөз алғандар: Картоев Сұлтан Омарұлы, "Невада-Семей"  - "Невада-Семей" ядролық қарусыз әлем үшін күреске 30 жыл" халықаралық қозғалысының вице-президенті;  Молдағалиев Талғат Жұмасейітұлы, "Семей медицина университеті" - "Халықты оңалту және бүгінгі ғылымның дамуы" КЕАҚ радиация және экология ғылыми - зерттеу институтының жетекшісі. Сонымен қатар, дөңгелек үстелдің басқа да қатысушылары сөз сөйледі.

image-477-500.jpg

Бұл кездесу өзара қызығушылық пен тығыз байланыс жағдайында өтті, іс-шара қызықты және пайдалы болды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар журналистердің сұрақтарына жауап берді.

image-477-501.jpg

image-477-496.jpg