2019 жылы 26 тамызда  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитетінің…

2019 жылы 26 тамызда  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитетінің "Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты"  РМҚК мен  Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.

Келісім-шарт ақпаратпен өзара алмасуды, бірлескен жобаларды іске асыруды, ҚЗТҚО мен Тарих және этнология институты ұйымдастыратын ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуды, ақпараттық қызметтер көрсетуді және консультативтік көмек көрсетуді көздейді.