Ұлы Отан соғысының ардагері, партизан қозғалысының қатысушысы Юлия Павловна Төлегенованың туғанына 95 жыл

Юлия Павловна 1924 жылы 23 тамызда Брян облысы Навлин ауданы Прольково ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдарында ол Орлов облысында тұрды. 1941 жылы толық он жеті жас толмағанына қарамастан, ол өз еркімен майданға сұранады. Бір айдан кейін Юля партизан болды. Жарақат алған науқастарды күте отырып, ол санитарлық сөмкесін күндіз де, түнде де – өміріндегі ең ұзақ партизан болған үш жыл ішінде қасынан бірелі тастаған жоқ. 1943 жылдың 5 тамызында, Орел қаласын фашистік-неміс басқыншыларынан босатқаннан кейін, Юля қызмет еткен партизандық отряды ресми түрде жасырын жұмыстарынан шықты. Юлия Павловна қарулас достарымен бірге Берлинге дейін ұзақ жол жүрді.

1947 жылы, партизан отрядында танысып, жанұя құрған Юлия Павловна, жолдасымен бірге Семей қаласына келеді. Ол Отан соғысы орденімен, "Жауынгерлік еңбегі үшін" медалімен марапатталған. Ю.П. Төлегенова соғыстан кейінгі 20 жылдан астам уақыт бойы Семей қаласының әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарында қызмет етіп, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.