Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні

2019 жылы 29 тамызда Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ұжымы  «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне және Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 28-жылдығына орай өткізілген митингіге қатысты. Бейбітшілік акциясына, қаламыздың мемлекеттік мекеме өкілдері, жоғары оқу орындарының, колледждердің ұстаздары мен студенттеріде және  барлық қоғамдық ұйымдары ат салысты. Митинг қонақтары сөйлеген сөздерінде бүкіл елдерде  ядролық қаруды таратпау және оған қарсы тұру туралы әлемдік мәселелерді шешудегі  Қазақстанның ерекше рөлі атап өтті.