Өртке қарсы қызмет ардагері Наталья Владимировна Рыкованың туғанына 60 жыл

Наталья Владимировна Семейде туып, өскен. Фортепиано класы бойынша кешкі музыка мектебін, М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесін, Өскемен қаласының педагогикалық институтын "Музыка және ән" мамандығы бойынша бітірген. Институтта оқып жүргеннің өзінде-ақ, ол балалар ұжымдарының музыкалық жетекшісі және комсомол жұмысын ұйымдастырушы қоғамдық мамандықтарын меңгеріп алды.

1986 жылдың тамыз айында отбасы Ташкент қаласына, жолдасының қызметіне байланысты, қоныс аударады. Наталья Владимировна Ташкент қаласындағы № 339 балабақшада жұмыс істеді. 1989 жылы отбасы Семей қаласына қайта оралады. Н.В. Рыкова Семей педагогикалық институтына "Бастауыш оқыту әдістемесі және музыка" кафедрасына қызметке қабылданады. 2002 жылдан бастап 2018 жылға дейін Наталья Владимировна қаламызда, 1985 жылы құрылған, өрт-техникалық орталығының аға қызметкері болып табылады және бұл мекеме шын мәнінде өртке қарсы қызметтің музейі болып есептеледі. Жұмыс барысында Наталья Владимировна музейлер мен архивтердегі құжаттарды анықтау арқылы, музейді көп экспонаттармен толықтырды және біздің өңірдегі өрт сөндіру ісінің құрылу тарихын қайта жандандырды.