2019 жылғы 21 қыркүйекте ҚЗТҚО қызметкерлері қала күніне арналған фотокөрме ұйымдастырды

Онда біздің қаламыздың 1867 жылдан бүгінгі күнге дейінгі тарихы  көрсетілді. Семейдің патша заманындағы, кеңес кезеңіндегі, екі мыңыншы жылдары және қазіргі жаңа Қарағайлы ауданының көрінісін беретін фото суреттер қойылды.

Әсіресе халықты ескі қаламыздың суреттері аса қызығушылықтарын тудырды. Жаңа Қарағайлы ауданының көрмесі де назардан тыс қалған жоқ.