|
24 қыркүйек күні ҚЗТҚО қызметкерлері... 24 қыркүйек күні ҚЗТҚО қызметкерлері Шәкәрім атындағы университеттің 1 курс студенттеріне шолу экскурсиясын өткізді. ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова архив тарихы туралы айтып, ҚЗТҚО-да шығарған жинақтармен таныстырды, архив қорында сақталған газет тігінділерін, құжаттарды көрсетті, барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Студенттер назарына қала күніне арналған "Менің қаламның тарихи беттері" атты фотокөрме ұсынылды. Іс-шара сақтау қоймаларына шолу жасаумен аяқталды. |