1 қазан–мейірімділік пен құрмет күні. Халықаралық қарттар күні

Бұл күні құжаттандыру орталығында архив  ісінің ардагерлері жиналып, жас әріптестер оларды мерекемен құттықтады.  Кездесу жылы және еркін атмосферада өтті. Ардагерлер архивке бірге өткізген еңбек жылдары мен мерекелері туралы, архивтің үлкен өмір жолдары жайлы естеліктерімен бөлісті. Қонақтарға слайд-презентация арқылы олардың жастық шақтарынан әсер қалдыратын естелік фотосуреттер көрсетілді. «ҚЗТҚО» КММ кәсіподақ комитеті ардагерлерге сыйлықтар ұсынды.

Мерекелеріңізбен, Құрметті зейнеткерлер! Сіздерге тек қарттар күні ғана емес, күн сайын құрметті және сүйікті болуды тілейміз.