2019 жылдың 11 қазанында ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. Қ. Қадырова Өскемен қаласында «Қазақстан этностары: Еліміздің тарихи-мәдени дамуына қосқан үлестері» тақырыбында өткен сұхбат алаңына қатысты.
Іс шараның мақсаты: Еліміздің ортақ тарихи-мәдени мұрасына үлес қосқан қазақстандық этностардың көрнекті тұлғаларына қатысты электронды мәліметтер базасын құру жобасы бойынша мәселелерді талқылау және ұсыныстарды әзірлеу.
Сұхбат алаңына Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің, Қазақ Инновациялық Гуманитарлық заң университетінің, С.Аманжолов атындағы мемлекеттік университетінің тарихшы ғалымдары, сонымен қатар музей, архив өкілдері қатысты.
Жобаны жүзеге асыру тұжырымдамасы «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының әдістемесіне негізделеді.