«Қазіргі кездегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар»

2019 жылдың 17-18 қазанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президенті архивінің 25 жылдығына орай «Қазіргі кездегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған «ҚЗТҚО» КММ толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің басшысы Ж.Б.Оксумбаева қатысты.

image-494-541.pegКонференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Польша, Ресейден архив ісінің жетекші сарапшылары мен практиктері қатысты.image-494-540.peg

Сөз сөйлегендер архивтердің қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлін атап өтті. Әлемдік архив ғылымы мен тәжірибесінің жетістіктерін ескере отырып, архив ісінің жағдайы мен даму келешегі, архив саласындағы мәселелер, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарына кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ету және сақтау мәселелері, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Негізгі екпін – бірыңғай ақпараттық кеңістіктің бөлігі болып саналатын ақпараттық архив ортасын құрудың жай-күйі мен келешегіне жасалды.

«Құжаттану және архив ісі» секциясының жұмысы барысында толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің басшысы Ж.Б.Оксумбаева ««ҚЗТҚО» КММ жеке текті құжаттармен толықтыру және оларды тарихи-мәдени мұраны насихаттауда пайдалану» тақырыбында баяндама жасады.

image-494-542.peg

Конференция аясында «Қазақстандағы архив ісін ұйымдастыру: тәжірибелер, мәселелер, инновациялар» монографиясының тұсаукесері өтті (ҚР Президенті архивінің директоры Д.Ю.Абдукадырова).  Басылымның негізінде отандық құжаттану, архивтану, археография саласындағы архивтік сараптау және жүзеге асырылған ғылыми жобалар жатыр.