2019 жылы 23 қазанда "ҚЗТҚО" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкерлері "Семей қаласының геодезия және картография колледжі" КМҚК студенттері үшін Николай Яковлевич Коншинге арналған "Дала өлкесінің қажымас зерттеушісі" тақырыбында ашық дәріс өткізді.

image-497-548.jpg

Архивші В. А. Середина студенттерді архив тарихымен таныстырып, презентацияны көрсетіп, архивтің бірінші меңгерушісі Николай Яковлевич Коншиннің өмірі мен қызметі туралы әңгімеледі. ҚЗТҚО - да сақталған Николай Яковлевичтің құжаттарын көрсетті. Әсіресе «Исследователь степного края»  және «Записки Семипалатинского  Подотдела Западно – Сибирского отдела Императорского русского географического общества» жинақтарына ерекше назар аударды.

image-497-547.jpg

Сабақ соңында викторина ойыны өткізілді.

Студенттер назарына "Дала өлкесінің зерттеушісі Н. Я. Коншинға – 155 жыл" атты көрме ұсынылды. 

Іс-шара архив бойынша шолу экскурсиясымен аяқталды.

image-497-549.jpg

image-497-550.jpg