«Архивтік анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оқыту семинары

2019 жыл 25 қазанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің ШҚО бойынша №3 бөлімінде «Архивтік анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оқыту семинары өткізілді.

Аталмыш семинар барысында әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің қызметкері З.О.Есергепова сөз сөйледі. Семинар қатысушыларының назарына келесі тақырыптар ұсынылды:

1.  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №13 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметінің жаңа стандарты;

2.  «Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншігіндегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру»

3.  «ҚР мемлекеттік архивтерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою».

ХҚКО қызметкерлерімен ҚЗТҚО-да сақталатын жеке құрам бойынша құжаттардың ерекшелігіне, жаңа стандарттың мазмұнының ерекшеліктеріне қатысты мәселелер талқыланды, ҚЗТҚО мен ХҚКО-ның бірлескен жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізілді, оның ішінде ЭҮП және «Egov» арқылы сұраныстарды жіберу.