2019 жылы 6 қарашада «ҚЗТҚО» КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкерлері «М.Төлебаев атындағы музыкалық училище» КМҚК бірінші курс студенттері үшін архивші, өлкетанушы Николай Яковлевич Коншиннің 155 жылдығына арналған «Далалық өлкенің қажымас зерттеушісі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

image-499-554.jpg

image-499-555.jpg

Архивші А.Н.Мұсаханов ҚЗТҚО-ның тарихы мен қызметі туралы ақпарат берді. Тыңдармандардың назарына архивте сақтауда тұрған Н.Я.Коншинге қатысты 1917 жылғы газеттер мен  құжаттарды ұсынылды. Коншиннің құжаттары, өмірі мен қызметіне арналған презентацияны көрсете отырып, Николай Яковлевич жайлы толық әңгімелеп берді.

image-499-556.jpg

 А.Н.Мұсаханов ҚЗТҚО шығарған «Исследователь степного края» факсимильді жинағына ерекше назар аударды. Сабақ соңында викторина өткізілді.

image-499-557.jpg

Білім алушылар назарына «Далалық  өлкенің зерттеушісі – Н.Я.Коншинге – 155 жыл» атты көрме ұсынылды. 

Іс-шара архивтің сақтау қорына шолу экскурсиясымен аяқталды.

image-499-558.jpg

image-499-559.jpg