8 қараша күні 2019 жылы «ҚЗТҚО» КММ қызметкерлері Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде  Кеңес Одағының батыры Айткеш Абайұлы Ибраевке арналған танымдық кешке қатысты.

Аталған кеште қаламыздың өлкетану музейінің ғылыми қызметкері, отставкадағы полковник, жазушы Ш.А.Қалиақпаров,  Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі студенттері болды.image-502-567.jpg

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ. Қадырова архив қорында сақталған Айткеш Ибраевтың құжаттары жайлы айтып берді.image-502-570.jpg

Шара барысында батырдың өмірі жайлы жерлесі Ш.Қалиақпаров кеңінен тоқталып, өзінің жинақтаған құжаттары туралы баяндады.image-502-568.jpg

Татар өнер мектебінің оқушылары патриоттық әндер шырқады. Шәкәрім универститетінің жас ақындары өздерінің шығарған өлеңдерін оқыды.

image-502-569.jpg

image-502-571.jpg