|
2019 жылдың 8 қарашасында «ҚЗТҚО» КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкерлері Семей қаласындағы «Геодезия және картография колледжі» КҚМК білім алушылары үшін «Біздің архивіміздің тарихы» тақырыбында сабақ өткізді. Архивші В.А.Середина білім алушыларды архив тарихымен таныстырды, ҚЗТҚО-да сақталған құжаттар негізінде басылып шығарылған жинақтарды көрсетті, газет қоры туралы әңгімеледі. Студенттер назарына «Далалық өлкенің зерттеушісі – Н.Я.Коншинге – 155 жыл» атты көрме ұсынылды. Архивте сақтауда тұрға Н.Я.Коншиннің бірегей құжаттары, Николай Яковлевич пен оның әйелі Прасковья Николаевнаның және қыздары Екатерина Николаевнаның фотосуреттері ерекше қызығушылық тудырды. Дәстүр бойынша іс-шара архив бойынша шолу экскурсиясымен аяқталды. |