2019 жылғы 15 қарашада «ҚЗТҚО» КММ «Архив достарды шақырады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел жұмысына қор тапсырушылар: өлкетанушы, КСРО және ҚР Журналистер Одағының мүшесі В.Н.Кашляктың жұбайы Кашляк Наталья Вадимовна; жоғары санатты тарих пәні мұғалімі, ҚР Білім беру ісінің үздігі Кравченко Любовь Борисовна; Татар өнер мектебінің директоры, Семей қаласының «Прииртышск татар және башқұрт ХАК» қауымдастығының төрағасы Ахунжанов Габдулхак Габдуллович, «Прииртышье» өлкетану қоғамының бірінші төрағасы Павел Николаевич Жуков  және спорт журналисті Сарсеков Станислав Серкович қатысты.

image-504-576.jpg

«ҚЗТҚО» КММ директоры Б.Т.Мусин кездесуді аша отырып, архив қорының баға жетпес қазынасын құрайтын жеке текті құжаттарды жинақтау бойынша архив мақсатты түрде жұмыс жүргізетіндігін атап айтты. Сондай-ақ барлық құжаттар зерттеушілерге қолжетімді, көпшілік іс-шараларда да, сайтта да кеңінен насихатталатынын айтты.

Толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің мамандары – бөлім басшысы Ж.Б.Оксумбаева мен жеке текті қорларды қалыптастыру бойынша жұмыспен айналысатын архивші Н.В.Яковлева көрнекті жерлестердің құжаттарының тәрбиелік сипаттағы бірқатар міндеттерді шешудегі маңыздылығын атап өтті. Мәселен, жастардың бойында азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, өскелең ұрпақтың туған өлкені одан әрі тануға ұмтылысын дамыту, оның тарихына деген жеке көзқарасын және кіші отанға деген патриоттық көзқарасын қалыптастыру.

image-504-577.jpgКездесу жылы, әрі жайлы достық қарым-қатынаста өтті. Қонақтар Отан тарихын сақтау ісінде архив үлкен әрі маңызды рөл атқаратындығын атап айтты.

image-504-579.jpg

image-504-578.jpg

Дөңгелек үстелге қатысушыларға жәдігер ретінде жеке текті қорлардың материалдары қойылған тақырыптық-құжаттық көрме ұсынылды.