«Біздің архивтің тарихы»

2019 жылы 20 қарашада «ҚЗТҚО» КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкерлері «№28 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ  оқушыларына «Біздің архивтің тарихы» атты тақырыбында сабақ өткізді.

image-505-583.jpg

Архивші В.А.Середина оқушыларды архив тарихымен, оның қызметімен таныстырып, 1920 жылғы бірегей құжаттары мен ҚЗТҚО-да сақталған құжаттар негізінде шығарылған жинақтармен таныстырды. Сонымен қатар, 1917 жылғы «Воля народа» газетін көрсетіп, газет қоры туралы әңгімеледі.       

image-505-580.jpg

Оқушылардың назарына Н.Я.Коншиннің және оның отбасы мүшелерінің құжаттары мен фотосуреттерін көруге болатын «Этнограф, тарихшы, архивші, далалық өлкенің зерттеушісі – Н.Я.Коншиннің туғанына 155 жыл» тақырыбындағы көрме ұсынылды.

image-505-582.jpg

Іс-шара архив бойынша шолу экскурсиясымен аяқталды.

image-505-581.jpg