«Open space»

2019 жылы 22 қарашада «ҚЗТҚО» КММ қызметкерлері Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған аймақтық «Шығыс Қазақстанның археологиялық-этнографиялық зерттеулеріндегі Шәкәрім университетінің үлесі (университеттің археологиялық-этнографиялық экспедициясына 20 жыл)» тақырыбындағы «Open space» ашық алаңына қатысты.

image-506-591.jpg

Жиында тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Өнер академиясының академигі Ә.Т.Төлеубаев пен  археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ғылымының еңбек  сіңірген қайраткері З.С.Самашев, Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, Шығыс Қазақстан облыстық  Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері, ЖОО оқытушылары мен студенттері, қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері, болды.

image-506-592.jpg

Арнайы шақырылған профессорлар З.Самашев  пен Ә.Төлеубаев «Елеке сазы – ерте сақ дәуірінің жарқын ескерткіші» тақырыбында дәрістер оқыды.

image-506-593.jpg

image-506-594.jpg

«ҚЗТҚО» КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ.Қадырова профессорлардың қайталанбас жоғары ғылыми мазмұнда өткізген шеберлік дәрісін тыңдап, қатысқаны үшін арнайы сертификатқа ие болды.

image-506-595.jpg

Ашық алаңның танымдық жағына келетін болсақ, қонақтарға Елеке сазынан табылған құнды, тарихи-археологиялық жәдігерлер қойылған көрме ұсынылды.

image-506-596.jpg

Ғалымдардың басы шоғырланған осынау жиын өте жоғары ғылыми дәрежеде өтіп, аймақ тарихындағы өшпес оқиғаға айналды.

image-506-597.jpg