Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні

2019 жылы 28 қарашада "ҚЗТҚО" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкерлері Семей қаласының "№43 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ оқушыларына "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні" тақырыбында сабақ өткізді.

image-509-598.jpg

"Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына" алғаш рет бастауыш сынып оқушылары келді.

Архивші В. А. Середина Н. Ә. Назарбаевтың өмірімен және қызметімен таныстырды, презентацияны көрсетіп, Елбасының мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі туралы әңгімеледі.

image-509-599.jpg

image-509-600.jpg

Семей қаласына жұмыс сапары кезінде түскен Н. Ә. Назарбаевтың фотосуреттеріне ерекше назар аударылды. Оқушыларға "Семипалатинская старина" фотокөрмесі ұсынылды, 1917-1918 ж. ж. газеттері көрсетілді. ҚЗТҚО баспа басылымдарымен таныстырды, архив бюросының бірінші меңгерушісі Н. Я. Коншиннің фотосуреттері мен құжаттарының көшірмелері көрсетілді.

image-509-601.jpg

image-509-602.jpg

Іс-шара архив бойынша шолу экскурсиясымен аяқталды.

image-509-603.jpg