Мемлекетіміздің тәуелсіздігі біздің бірегейлігіміздің жарқын символы болып табылады

Тәуелсіздігіміздің жоғары және қасиетті ұғымы біздің халқымызды біріктіруге арналған Қазақстанның бірлігі мен жалпыұлттық идеясының негізі болып табылады. Отаншылдықтың қайнар көзі – ел тарихын терең білуде, тәуелсіздігіміз үшін күрескен аға ұрпақтың еңбегін түсінуде және құрметтеуде жатыр.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «ҚЗТҚО» КММ Азимбай Лекерович Лекеровтың қызы Айседора Ликерованың «Первый экономист-профессор Азимбай Лекеров» және «Факел души Халиды Елькибаевой» атты құнды кітаптарға ие болды.

image-510-604.jpg

Лекеров Азимбай Лекерович – қоғам қайраткері, ғалым, экономист-профессор, ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы қазақтың ұлттық интеллигенциясының элитасын құртқан саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі.

Айседора Ликерова ұмыт болған әкесінің атын шығару үшін көп еңбек етті. Ол Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік архивтерінде ғажап күйде сақталған әкесі туралы мәліметі бар құжаттарды тырмаштап жинады, әрине жұбайы Халида Елькибаева-Лекерова өмір бойы өзін күйеуінің жақсы атын қайтаруға арнап, Азимбай Лекеровты еске алу туралы оның баға жетпес еңбегін сақтап қалды.