2019 жылдың 10 желтоқсанында патриот, қоғам қайраткері, педагог Бақытқали Мадыбайұлы Құрманғалиевті еске алуға арналған "Аймақтық тарих- жеке тұлғаның, рухани адамгершілік дамуының және азаматтықты қалыптастыру негізі" атты ғылыми–практикалық конференция – тарихи оқулары өтті.
Іс-шараны Семей қаласының колледж оқушылары үшін Т және КБ ардагерлері аймақтық кеңесі, ШҚО ТжКБ директорлар кеңесі, "Электротехника колледжі" КМҚК ұйымдастырды.

Пленарлық отырыста "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ. Қадырованың "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында жарық көрген басылымдардың тарихи маңызы" тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар "Прииртышье" өлкетану қоғамының мүшелері мен Невзоровтар отбасы атындағы мұражайдың ғылыми қызметкері баяндама жасады.
Конференция секциялар мәжілістерімен жалғасты, онда колледж оқушыларының "Ұлы Отан соғысы халықтың тарихи жадында» тақырыбына арналған баяндамалары тыңдалды.

Іс-шара қорытындыланып, дипломдар мен мақтау қағаздары тапсырылды және концерттік бағдарламамен аяқталды.