2019 жылы 13 желтоқсанда «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ-де 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. ҚЗТҚО директоры Б.Т.Мусин барлық ұжымды мерекемен құттықтап, қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті.image-512-608.jpg

image-512-609.jpg

Шараға М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің студенттері шақырылды.  Фархатұлы Батырдың орындауында тамаша күйлер шертіліп, Айтқазиев Ұлан шағын сахналық көрініс көрсетіп, Қайрат Рысқұлбековтың рөлінде ойнап монолог оқыды.image-512-610.jpg

image-512-611.jpg

Көрермендер назарына 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы және оның салдарына арналған деректі фильмдердің видеохроникалары мен Тәуелсіз Қазақстанға арналған патриоттық клиптер, көрсетіліп, «Тәуелсіздік-тұғырың!» атты слайд-презентация ұсынылды.

image-512-612.jpg