2020 жылы 15 қаңтар күні Семей қаласының №16 орта мектебі қабырғасында «ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, «Мектепте Абайтану курсын оқыту мәселелері» атты семинар болып өтті.

 image-515-616.jpg

Аталмыш шараға қаланың әдебиет пәні мұғалімдері қатысты. Семинардың басты мақсаты – Абай шығармашылығын меңгерте отырып, білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау.

 image-515-617.jpg

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Қадырова Л.Қ., «ҚЗТҚО» КММ  қорында сақталған Ұлы Абайдың ұрпақтары, ақын шәкірттері және 1945 жылғы құжаттардағы Абайдың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген іс-шаралар жайлы баяндап берді.

 image-515-618.jpg

Соңында қатысушыларды архивтің түрлі жобаларында ынтымақтастыққа шақырды және қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

image-515-615.jpg