«Адамзаттың бәрін сүй»

2020 жылдың 22 қаңтарында «ҚЗТҚО» КММ қызметкерлері Абай атындағы театрда өткен ақын, философ және ағартушы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын тойлау аясындағы іс-шаралардың басталуына арналған «Адамзаттың бәрін сүй» акциясына қатысты. Эстафета Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алды. Салтанатты іс-шараның құрметті қонақтары: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат, Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімов және де Шығыс Қазақстан облысының көптеген ғалым-абайтанушылары, ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлері болды.

image-516-620.jpg

Почетными гостями торжественного мероприятия стали: заместитель акима Восточно-Казахстанской области Алишер Мархабат, аким города Семей Ермак Бидахметович Салимов, учёные-абаеведы, писатели, поэты, деятели культуры  Восточно-Казахстанской области.

image-516-621.jpg

Мекеме қызметкерлері көрермендер назарына ҚЗТҚО-да сақталған құжаттар негізінде дайындалған «Абай мұрасы архив деректерінде» атты көрмені ұсынды. ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ.Қадырова көрме бойынша Абай Құнанбаев пен оның жақын туыстарына қатысты бірегей құжаттар туралы әңгімелеп берді.

image-516-622.jpg

Көрме іс-шараға қатысушылардың қызығушылығын тудырды, архив мамандары қонақтардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

image-516-619.jpg