Спорт – ұжым бірлігінің құралы. 

Спорт дегеніміз – денсаулық, күш-қуат, жастық және ұзақ өмір сүру. Халық денсаулығын қорғау және нығайту біздің еліміздің дамуының басты басымдылығы, сондықтан Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» бағдарламасында ұлт денсаулығына ерекше назар аударылған.

image-517-623.jpg

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының әкімшілігі кәсіподақ комитетімен бірлесіп,  ұжым қызметкерлеріне спорттық секциялар ұйымдастыруды ұсынды. Ұжым бұл ұсынысты бірден қолдап, әр апта сайын сәрсенбі күні «№6 ЖОББМ» КММ спорт залында спортпен шұғылдануда.   

image-517-624.jpg

Спорттық іс-шаралардың басты мақсаты – ҚЗТҚО қызметкерлерінің спортпен тұрақты шұғылдануға деген қызығушылығын арттыру, ал бұл өз кезегінде ұжымда денсаулық пен моральдық ахуалды жақсартуға көмектеседі. Спорт сағаты кезінде орталығымыздың қызметкерлері волейбол мен баскетбол ойнап, бір аптаға жағымды эмоциялармен қуаттанады.

image-517-625.jpg

Спорт – ұжымды біріктірудің тиімді тәсілдерінің бірі болғандықтан, дұрыс таңдалып, жұмыла ұйымдастырылған белсенді демалыс ұжымның ұйымшылдығына оң әсерін бермек!