«Архивтік анықтамаларды беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша оқыту семинары

2020 жылы 06 ақпанда «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ ШҚО филиалының-қызмет көрсету бойынша Семей қ. №1 бөлімінде  ХҚКО инспекторлары үшін «архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсетуі бойынша оқыту семинары өткізілді.

image-518-626.jpg

Семинар барысында әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің қызметкері З.О.Есергепова мен  А.К.Мукатова сөз сөйледі.

Семинар қатысушыларының назарына келесі тақырыптар ұсынылды:

1.  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №13 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметінің жаңа стандарты;

2.  «Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншігіндегі құжаттарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру»

3.  «ҚР мемлекеттік архивтерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою».

4.  «ҚЗТҚО» КММ-не сұраныстарды портал арқылы жіберу (өтінішті дұрыс толтыру, нақты деректерді көрсету, сондай-ақ қажетті құжаттарды сканерлеу).

 image-518-627.jpg

ХҚКО мамандарымен ҚЗТҚО-да сақталатын жеке құрам бойынша құжаттардың спецификасына, жаңа стандарттың мазмұнының ерекшелігіне қатысты мәселелер талқыланды, ҚЗТҚО мен ХҚКО-ның бірлескен жұмысының тиімділігін арттыру, оның ішінде «Egov» порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы сұраныстарды жолдау бойынша ұсыныстар енгізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері талқыланды. Еңбек өтілі, оқу, елді мекенде тұру туралы анықтама, туу куәлігі, неке куәлігі,  қайтыс болу туралы акт жазбалары, ордендермен және медальдармен марапаттау туралы,  жергілікті атқарушы органдардың қабылданған қаулы мен  шешімдер, атап айтқанда жер телімдерін бөлу, тұрғын үй беру туралы, туыстық қатынастар туралы генеалогиялық мәліметтер, сот шешімдері туралы сауалдардың үлгілерін толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды.