2020 жылдың 07 ақпанында «ҚЗТҚО» КММ-де «Бизнес және сервис колледжінің» оқушылары болып қайтты. ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ.Қадырова орталықтың 100 жылдығына арналған «Біздің архивтің тарихы» атты тақырыпта дәріс оқыды. ҚЗТҚО қорында сақталған құжаттар туралы айтып,  архив фойесіне қойылған сирек кездесетін газет қорымен таныстырды.

image-519-628.jpg

Қонақтар назарына «Сахна саңлағы – Күләш Сакиеваның туғанына 100 жыл» және «Абай мұрасы архив деректерінде» атты көрмелер ұсынылды. Онда ҚЗТҚО қорынан табылған Шәкәрім Құдайбердіұлының бірегей суретін, Абайдың ұлы Тұрағұл Ибрагимовке қатысты құжаттарды көруге болады. Л.Қ.Қадырова оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

image-519-629.jpgimage-519-630.jpg

Іс-шара архив бойынша шолу экскурсиясымен аяқталды.

image-519-631.jpg